Lynk & Co және «Қайрат» футбол клубы серіктестіктің басталғанын жариялады
![]()
Әлемге танымал Lynk & Co автомобиль бренді мен Қазақстанның аңызға айналған «Қайрат» футбол клубы ресми түрде әріптестік туралы келісімге қол қойды.
Бұл серіктестік клубты қолдауға және Қазақстандағы спорттың дамуына бағытталған. Келісім аясында Lynk & Co «Қайраттың» ресми серіктесіне айналып, маусым бойы команданы барлық ойындарда - өз алаңында да, сырт алаңда да - қолдайтын болады.
«Елдегі ең беделді футбол клубтарының бірінің тарихының бөлігі болу біз үшін үлкен қуаныш. Lynk & Co үшін бұл жай ғана автомобиль емес - бұл өмір салты, энергия және жеңіске деген ұмтылыс. Біз дәл осы құндылықтарды „Қайраттан“ көреміз - командалық рух, биік мақсаттар және алға ұмтылу», - деп атап өтті Lynk & Co Kazakhstan компаниясының өкілдері.
Серіктестік сондай-ақ жанкүйерлерге арналған бірлескен іс-шараларды, арнайы белсенділіктерді, стадиондағы бренд аймақтарын және футбол сүйер қауым мен бренд клиенттері үшін Lynk & Co тарапынан ерекше ұсыныстарды қамтиды.
Lynk & Co мен «Қайрат» арасындағы серіктестік - қозғалыс, инновация және өз ісіне деген құштарлық секілді ортақ қағидаттармен біріккен екі мықты брендтің ынтымақтастығын білдіреді.